Иранның Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Иран аумағына жасаған әскери шабуылдарының салдарынан кемінде 627 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Хосейн Керманпур әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 24 маусымға дейінгі жағдай бойынша провинциялар бойынша деректер салыстырылды. Қаза тапқандар саны – 627 адам, – деп жазды ол X платформасында (бұрынғы Twitter).
Министрлік өкілінің айтуынша, шабуылдар кезінде 4 800-ден астам адам жарақат алған. Арасында ауыр халде жатқан азаматтар да бар. Бұл – соңғы жылдардағы ең ірі адам шығынына алып келген әскери соққының бірі болып отыр.
Израиль тарапы бұл мәліметтерге ресми жауап бермегенімен, бұған дейін елдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иранға қарсы әскери операцияның аяқталғанын және барлық әскери мақсаттардың орындалғанын мәлімдеген болатын.
Оның айтуынша, шабуылдар арқылы Иранның ядролық және зымыран инфрақұрылымдарына айтарлықтай залал келтірілген. Сонымен қатар, Израиль тарапы АҚШ президенті Дональд Трампқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.