Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иранда Израиль шабуылдарынан 430 адам көз жұмып, 3,5 мың адам жарақат алды

21 Маусым 2025, 23:59
674
Бөлісу:
 Amir Cohen / Reuters
Фото: Amir Cohen / Reuters

Иранда Израильдің соңғы әскери шабуылдары салдарынан кемінде 430 бейбіт тұрғын қаза тауып, 3 500-ге жуық адам жарақат алды. Бұл туралы Иран Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Абдолрахман Ростамян мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Израиль тарапынан жасалған соққылар елдегі гуманитарлық инфрақұрылымға да нұқсан келтірген. Атап айтқанда, Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының гуманитарлық көмек тікұшағы ауыр зақым алған. Ұйым халықаралық гуманитарлық құқық талаптарының бірнеше мәрте бұзылғанын, атап айтқанда, әйелдер, балалар және бейбіт тұрғындар нысанаға алынғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік,13 маусымда Израиль Иранға қарсы әскери операция бастағанын жариялап, елде төтенше жағдай енгізілген. Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху операцияның басты мақсаты – Иранның ядролық инфрақұрылымын жою екенін мәлімдеген. Өз кезегінде Тегеран жауап ретінде Израильге бірнеше зымырандық соққы жасады. Екі ел арасындағы шиеленіс күн өткен сайын өршіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы