Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иранда ғимарат опырылып, 60 адам қаза тапты

14 Маусым 2025, 21:30
735
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Иранның Шахид Чамран қаласында Израильдің әуе шабуылы салдарынан тұрғын үй опырылып, 60 адам мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы IRIB мемлекеттік телеарнасы мәлімдеді.

Қаза тапқандардың қатарында 20 бала бар.

Ақпаратқа сәйкес, Израиль шабуылынан кейін 14 қабатты тұрғын үй толықтай қираған.

Қаза тапқан 20 баланың 10-ы әлі де үйінді астында. Олардың арасында алты және тоғыз айлық сәбилер бар, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 маусымда Израиль Иранға қарсы "Арыстандар ұлты" операциясы аясында ядролық және әскери нысандарға жойқын соққылар жасаған болатын. Аталған шабуыл нәтижесінде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының Бас штаб бастығы Хоссейн Салами мен «Азад» Ислам университетінің президенті Мохаммад Техранчи қаза тапты.

Бұл оқиғадан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің әскери операциясы аясында Иранға қатысты қатаң мәлімдеме жасады.

Иран да жауапсыз қалмады – ел билігі Тель-Авивке баллистикалық зымырандармен соққы берді. Израильдік БАҚ-тың ақпаратына сүйенсек, кемінде жеті ирандық зымыран Израиль астанасына құлаған.

Өзгелердің жаңалығы