Иранда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді

26 Шілде 2021, 14:43
1983
Бөлісу:
Иранда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша антирекорд тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранда бір тәулікте 27 146 адам індетке шалдығып, 268 адам қайтыс болған.  

Пандемия басталғаннан бері елде ауру жұқтырғандардың жалпы саны 3 691 432 адамға жетті, елдің 88 800 тұрғыны ауру салдарынан қайтыс болды. Реанимация палаталарында 4 863 науқас емделуде, - деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі. 

Сонымен қатар COVID-19 вирусына қарсы вакциналаудың I компонентін 7 871 104 адам, ІІ компонентін 2 394 707 адам салдырды. Иранның жалпы халық саны 83 миллионнан астам адамды құрайды.

Өзгелердің жаңалығы