Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иранда автобуc апатынан 13 адам қаза тапты

Бүгiн, 17:48
120
Бөлісу:
 Anadolu Agency
Фото: Anadolu Agency

Иранның Исфахан қаласының маңында автобус қатысқан жол-көлік оқиғасы салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иранның мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, оқиғаның мән-жайын Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілі Моджтаба Халиди хабарлаған.

Исфахан – Натанз автожолында болған автобус қатысқан жол-көлік оқиғасы салдарынан 13 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алды, – деді Халиди.

Ирандық шенеунік алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің жедел жәрдем көліктерімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілгенін нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы