Иран полициясының басшысы Ахмадреза Раданның хабарлауынша, елде АҚШ пен Израильге ақпарат берді деп 500 адам тұтқындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Жартысынан астамы стратегиялық нысандар мен соққы орындары туралы мәлімет таратқаны үшін жауапқа тартылды
Tasnim агенттігінің жазуынша, Солтүстік-Батыс провинцияда 20 адам, Солтүстік-Шығыс провинцияда 10 адам қамауға алынды. Кейбірі стратегиялық нысандар мен экономикалық инфрақұрылым туралы ақпарат жинаған деп айыпталды.
Иран билігі Израиль мен АҚШ-тың елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін тыңшылар мен жалдамалы әскерлерді қолданатынын мәлімдеді. Бұған дейін елде жаппай наразылықтар мен қуғын-сүргін оқиғалары орын алған.