Иранда аптап ыстыққа байланысты демалыс жарияланды

Иранда бұрын-соңды болмаған ыстық. Осыған байланысты, сәрсенбі-бейсенбі күндері елде демалыс деп жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 baq.kz 3 Тамыз 2023 2023, 08:40
3 Тамыз 2023 2023, 08:40
926
Фото: baq.kz

Иранда бұрын-соңды болмаған ыстық. Осыған байланысты, сәрсенбі-бейсенбі күндері елде демалыс деп жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір Иранның оңтүстігіндегі қалалар аптап ыстықтан зардап шегуде. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ахваз шаһарында ауаның температурасы 51 градусқа дейін көтерілген. Ал ел астанасы Тегеранда сынап бағанасы 40 градусқа жақындап қалды.

Айта кетсек, осы жазда жер-жерде күн қатты ыстық болып тұр. Ғалымдардың пайымынша, бұған климаттық өзгерістер себеп болған.

Наверх