Иранда 23 депутаттың коронавирус жұқтырғаны расталды

3 Наурыз 2020, 16:38
1122
Бөлісу:
Иранда 23 депутаттың коронавирус жұқтырғаны расталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазірдің өзінде Иран парламентінің 23 мүшесі коронавирус жұқтырды. Бұл туралы "24.kz" YJC спикердің көмекшісі Абдолрез Месриге сілтеме жасап хабарлайды.

Соңғы мәліметтер бойынша, 19 ақпаннан бастап Иранда коронавирустық инфекцияның 1501 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 66 адам көз жұмып, 291 адам дертінен айықты. Иран билігі аурудың одан әрі таралуы мүмкін екенін болжап отыр.

Сонымен қатар парламент депутаттары халықпен байланыс жасауды шектейді. Месридің айтуынша, палата өз жұмысын жалғастыра береді.

Өзгелердің жаңалығы