Иранның зымырандық әлеуеті Тегеранның «қызыл сызығы» болып табылады және бұл мәселе талқыланбайды. Бұл туралы Иран жоғарғы басшысының кеңесшісі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.
Тегеран мен Вашингтон қақтығыстың алдын алу үшін келіссөздердің жаңа кезеңіне дайындалуда.
Өткен аптада Оманда АҚШ пен Иран дипломаттары жанама келіссөздер өткізді. Бұл кездесу АҚШ Әскери-теңіз күштерінің аймақтағы күшеюіне байланысты өтті.
«Ислам Республикасының зымырандық әлеуеті талқыланбайды», - деді Әли Шамхани Ислам революциясының 47 жылдығына арналған шеруде
Вашингтон ұзақ уақыт бойы Иранның ядролық әлеуеті жөніндегі келіссөздерді оның зымыран бағдарламасына таратуға тырысқан. Алайда Иран тек ядролық бағдарламасының шектеулерін талқылауға дайын екенін хабарлағанымен, зымыран бағдарламасын талқылауға қоспайды.
Сәрсенбіде Вашингтонда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ пен Иран арасындағы кез келген келісімге Тегеранның зымырандарды пайдалануына шектеу қоюды талап етеді деп күтілуде.
Жексенбіде Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеранның зымыран бағдарламасының ешқашан келіссөздердің күн тәртібінде болмағанын тағы да мәлімдеді.