Иран жақын күндері спутник ұшырмақ

2 Ақпан 2020, 15:31
1698
Бөлісу:
Иран жақын күндері спутник ұшырмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран жақын күндері ғылыми зерттеу спутнигін ғарышқа шығаруды жоспарлап отырғанын растады. 

AFP агенттігіне берген сұхбатында Иранның ұлттық ғарыш агенттігінің басшысы Мортеза Берари дегенмен Зафар (парсы тілінен аударғанда "жеңіс") спутнигін нақты қашан ұшыратынын айтпады. 

Оның айтуынша, 113 кило салмағы бар спутник Simorgh зымыран-тасығышымен ұшырылады және Жерден 530 шақырым қашықтықта орналасып, күніне 15 рет айналады.

Бераридің айтуынша, спутникті құрастыру жұмысы үш жыл бұрын басталған. Оған 80 ирандық ғалым қатысқан. 18 айдан астам уақыт жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті - жер сілкінісі, табиғат апаттарын зерттеу мен ауыл шаруашылығы ресурстарын дамыту.

Бес күн бұрын Иранның ғарышқа спутник ұшыруға дайындалып жатқаны туралы хабарлама тарап, спутниктің суреті де пайда болған. Былтыр Иран үш рет жасанды серік ұшырып, үшеуі де сәтсіз аяқталған. Кейбір Батыс елдері Иранды спутник ұшыруда баллистикалық зымыранды құрастыру үшін қолданылатын технологияны пайдаланады деп айыптайды. Берари ақпарат агенттігіне Иран "ғарышты бейбіт пайдалануды" қолдайды деп айтқан.

"Біз ғарыш саласында барлық жұмысты ашық атқарып жатырмыз" деді Мортеза Берари.

Өткен жылы қаңтар және ақпан айларында Пайям және Дусти ("Достық") спутниктерін ұшыру сәтсіз аяқталып, тамыз айында спутникті ұшыру кезінде ғарыш айлағында зымыран жарылған.

Өзгелердің жаңалығы