Иран, Үндістан және Қытай азаматтары үшін Қазақстандағы визасыз режим не береді?

11 Шілде 2022, 17:41
1649
Бөлісу:
Иран, Үндістан және Қытай азаматтары үшін Қазақстандағы визасыз режим не береді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 8 шілдесінен бастап Қазақстан Үндістан, Иран және Қытай азаматтары үшін біржақты визасыз режим енгізді.

Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, Үндістан мен Қытай үшін арнайы 72 сағаттық визасыз режим тоқтатылады.

Визасыз режим шарттарына сәйкес Үндістан, Иран және Қытай азаматтары шекарадан өткен сәттен бастап 14 күнтізбелік күнге дейін Қазақстанға кіре алады және мұнда бола алады. Жеке, туристік және іскерлік мақсаттағы сапарлар визасыз режимде жүзеге асырылады, - делінген ведомство ақпаратында.

Сондай-ақ Қазақстанда визасыз режим жағдайында болудың жалпы мерзімі 180 күн ішінде 42 күнтізбелік күннен аспауы тиіс екеніне назар аударылады. Бұл шартты бұзу шетелдіктің әкімшілік жауапкершілігіне әкеп соғады:

10-нан 25 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл;
15 тәулікке дейін қамауға алу;
ҚР-дан депортация;
Елге 5 жылға кіруге тыйым салу (сот шешімі бойынша).

Визасыз режим Қазақстанда жұмысқа немесе кез келген ақылы қызметке құқық бермейді. Елде еңбек қызметін жүзеге асыру үшін алдын ала жұмысқа тиісті рұқсат пен шақырушы тарапқа (жеке немесе заңды тұлға) виза алу қажет, - деп нақтылады көші-қон қызметі комитетінде.

Өзгелердің жаңалығы