Иран украиндік ұшақты неліктен атып құлатқанын түсіндірді

11 Қаңтар 2020, 11:27
16346
Бөлісу:
Иран украиндік ұшақты неліктен атып құлатқанын түсіндірді

Алматы, BAQ.KZ. Халықаралық Украина әуежелісіне тиесілі Boeing-737 ұшағы Ирандағы әскери нысан маңынан ұшып өткен. Әскерилер оны жау ұшағы деп қабылдап, атып құлатқан. Бұл туралы Иран Республикасының Қарулы күштері таратқан мәлімдемеде айтылған.

Олардың мәліметінше, украиндік ұшақ Ирандағы жоғары әскери дайындық жағдайында байқаусызда атылған. Иран әскери базаларына АҚШ соққы беруі мүмкін деген алаңдаушылықпен болған.

Иран президенті Хасан Роухани 176 адамның өліміне әкелген әуе апатын тергеу жұмыстары жалғасатынын айтты. Оған дейін Украина ұшағын Иран қарулы күштері байқаусызда атып құлатқанын хабарлағанбыз.


Өзгелердің жаңалығы