Иран Трампқа Ормуз бұғазын жеті күн ішінде ашуды ұсынды

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Вашингтонмен келісім жасалған жағдайда Ормуз бұғазын жеті күн ішінде ашу ұсынылғанын мәлімдеді.

 istockphoto.com 25 Қыркүйек 2026, 17:09
25 Қыркүйек 2026, 17:09
99
Фото: istockphoto.com

Иран Вашингтонмен келісімге келгеннен кейін жеті күн ішінде Ормуз бұғазын ашуды ұсынды. Бұл туралы Bild басылымы мәлімдеді.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи бұл ұсынысты БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Тегеранның атынан жеткізілгенін айтты. Келісімнің нақты шарттары әзірге жарияланған жоқ. Bild бұл ақпаратты The New York Times және Financial Times басылымдарындағы материалдардың аудармасына сүйеніп таратқан.

Бұған дейін Иран өз активтерін бұғаттан шығаруды, әскери іс-қимылдарды тоқтатуды және АҚШ-тың Иран порттары мен кемелеріне қойған блокадасын алып тастауды талап еткен.fs

Ақ үй араағайындар арқылы «оң және сындарлы келіссөздер» жүріп жатқанын растады.

Сонымен қатар тараптар көпшілік алдында бір-біріне қатысты қатаң мәлімдемелер жасауды жалғастырып отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның «ұлылық» пен «жойылу» арасында таңдау жасауы керектігін мәлімдеді. Ал Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ-ты терроризмге айыптады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Иран президенті Масуд Пезешкиан Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысына қатысты. Бұл АҚШ-пен соғыс жағдайындағы ел басшысының аталған ұйым алдында алғаш рет сөз сөйлеуі болды. Ол «Біз тізе бүккен жоқпыз» БҰҰ мінберінде мәлімдеме жасады.

Наверх