Алматы, BAQ.KZ. Иран әскері қателесіп өз кемесін атқылады. Соның салдарынан экипаж мүшелерінің барлығы қаза тапты. Бұл туралы AAA агенттігі Twitter-де жазды.
Иран әскери теңіз күштерінің кемесі оқу-жаттығу барысында қателік жіберіп өздерінің тағы бір әскери кемесін атқылаған.
Қайғылы жағдай Осман түбегінде болды. Осы уақыттағы мәлімет бойынша, экипаждың 40 мүшесі түгелдей қаза болған. Әзірге тек бірнеше адамның ғана денесі табылған.
Қайғылы жағдай Осман түбегінде болды. Осы уақыттағы мәлімет бойынша, экипаждың 40 мүшесі түгелдей қаза болған. Әзірге тек бірнеше адамның ғана денесі табылған.