Иран АҚШ-қа араағайындар арқылы Ормуз бұғазын ашудың жеті күндік жоспарын ұсынды. Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бұл бастаманы жариялады.
Қажетті шарттар орындалса, бұғаз қайта ашылып, қалыпты кеме қатынасы жеті күн ішінде қалпына келтірілуі мүмкін, – деді ол
Иран тарапының мәлімдемелері мен The Financial Times және The Washington Post басылымдарының хабарлауынша, уақыт есебі АҚШ ұсынылған меморандумды қабылдағаннан кейінгі күннен басталады.
Бұған дейін Иран Вашингтон бірқатар шартты орындаған жағдайда бұғазды жетінші күннің соңына қарай толық ашуға дайын екені хабарланған.
Оның ішінде:
- Әскери іс-қимылдарды тоқтату: аймақтағы, соның ішінде Ливандағы әскери операциялардың белсенді кезеңін толық тоқтату;
- Блокаданы алып тастау: АҚШ-тың Иран порттары мен танкерлеріне қатысты әскери-теңіз блокадасын тоқтату;
- Қаржылық талаптар: Иранның шетелдегі, кемінде $12 млрд көлеміндегі банктік активтерін бұғаттан шығару;
- Мұнай санкциялары: Иран мұнайының экспортына қатысты АҚШ шектеулерін алып тастау.