Иран мен Пәкістан арасындағы шиеленіс. Ресейдің қатысы бар ма?

19 Қаңтар 2024, 16:06
773
Бөлісу:
Иран мен Пәкістан арасындағы шиеленіс. Ресейдің қатысы бар ма?
Фото: Жәнібек Көпжасар Facebook-тегі парақшасы

Шиеленіс Ресей тапсырмасымен жасалған дүние болуы мүмкін. Ирантанушы Жәнібек Көпжасар осындай пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Иран мен Ресейдің қарым-қатынасы өте жақсы. Сондықтан Ресей әлемдік қауымдастықтың назарын қазір Украинадан алшақ ұстауға тырысады. Иран өзімен-өзі ядролық қаруы бар Пәкістанға шабуыл жасамайды. Олардың қарым-қатынасы жақсы. Екінші тараптан Үндістан мен Ресейдің де қарым-қатынасы жақсы. Пәкістан осы себепті бұған наразы. Сол себепті бұл Ресей тапсырмасымен жасалған дүние болуы мүмкін, - деді Көпжасар.

Сондай-ақ ол Иран жасаған шабуыл АҚШ пен Ресеймен келісіп жасалып отыр дейді.

Екі ел арасындағы атыс бір күнге ғана созылып, тоқтады. Әлемдік қауымдастыққа соны дәлелдеу үшін бір-бірінің елшілерін шақыртып, диалог орнатып, бір-біріміздің егемендігімізді мойындаймыз деп айтып жатыр. Біршама уақыттан кейін қайтадан елшілерін жіберуі мүмкін. Бірақ Ресей Иранды қатты қолдап отыр. Бүған дейін Иран сыртқа ашықтан-ашық шабуыл жасамайтын. Қазір Иран Йеменге, Иракка, Сирияға, Ирактағы АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасап жатыр. Бірақ ол АҚШ пен Ресеймен келісілген шабуылдар дер едім, - деді ирантанушы.

Өзгелердің жаңалығы