Иран мен АҚШ Женевада келіссөздердің жаңа кезеңін өткізеді

Келіссөздер Таяу Шығыстағы әскери шиеленістің күшеюі аясында өтпек.

 freepik Бүгiн 2026, 07:49
Бүгiн 2026, 07:49
304
Фото: freepik

Иран мен АҚШ ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздердің үшінші раундын бейсенбі күні Женевада өткізеді. Бұл туралы делдалдық жасап отырған Оманның сыртқы істер министрі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Келіссөздер Таяу Шығыстағы әскери шиеленістің күшеюі аясында өтпек. АҚШ президенті Дональд Трамп келісімге қол жеткізілмесе, «өте жаман салдар болуы мүмкін» екенін ескертті. Оның арнайы өкілі Стив Уиткофф Иранның ядролық бағдарламадан бас тартуға неге келіспей отырғанына түсінбейтінін айтты.

Ал Иран президенті Масуд Пезешкян келіссөздердің «жігерлендіретін нәтиже» бергенін мәлімдеп, дипломатиялық шешімге үміт бар екенін жеткізді. Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи де қақтығысты келіссөз арқылы шешу мүмкін екенін атап өтті.

Вашингтон Тегераннан уранды байытуды тоқтатуды талап етсе, Иран ядролық қару жасау ниетін жоққа шығарып, санкцияларды алып тастауды және «бейбіт атом» құқығын мойындауды көздейді. Тараптар арасында санкцияларды жою тетігі, зымыран бағдарламасы және аймақтағы қарулы топтарға қолдау көрсету мәселелері бойынша да келіспеушіліктер сақталып отыр.

Наверх