Иран мен АҚШ Исламабадта келіссөздердің екі кезеңін өткізді

Иран тарапы АҚШ келіссөздер барысында қатаң талаптарын сақтап отырғанын мәлімдеді.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 00:17
Бүгiн 2026, 00:17
112
Фото: depositphotos.com

Иран мен АҚШ делегациялары Пәкістан астанасында келіссөздердің екі раундын өткізді. Бұл туралы Иранның мемлекеттік IRIB телеарнасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Хабарламаға сәйкес, тараптар арасындағы үшінші кезең кешке жоспарланған.

Иран тарапы АҚШ келіссөздер барысында қатаң талаптарын сақтап отырғанын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздердің басталғанын жариялап, Тегеранның ұстанымына қатысты қысқа мерзімде нақты нәтиже күтілетінін айтқан еді. Ол сондай-ақ келіссөздер сәтсіз аяқталған жағдайда АҚШ-тың әрекетке көшу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Келіссөздердің нәтижесі әзірге белгісіз.

Наверх