Иран мен АҚШ Тегеранға қатысты теңіз блокадасын жеңілдету жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді. Оның орнына тараптар Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын кезең-кезеңімен қалпына келтіру мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Al Arabiya телеарнасының дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, келіссөздер үшінші елдердің арағайындығымен жүргізілуде. Мәліметке сәйкес, қазір тараптар белсенді консультациялар өткізіп жатыр және жақын уақытта бұғазда тұрған кемелердің қозғалысын қайта жандандыру мәселесінде елеулі ілгерілеу болуы мүмкін.
Сонымен қатар дереккөздер әзірге Иран мен АҚШ өкілдерінің тікелей кездесуі жоспарланбағанын атап өтті. Тараптар арасындағы байланыс делдалдар арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон ұсынған шиеленісті бәсеңдету жөніндегі бастамаларға Иран тарапынан мүмкіндігінше тез жауап беруді сұрағаны хабарланды.
Телеарна мәліметінше, келіссөз процесі айтарлықтай кедергісіз өтіп жатыр. Тегеран жақын күндері өз ұстанымын пәкістандық делдалдар арқылы жеткізуі мүмкін.