Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) XV саммитіне қатысу шеңберінде Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев 28 қарашада Ашхабадта Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хоссейн Әмір-Абдоллахианмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және екіжақты деңгейде, сондай-ақ көпжақты форматта, оның ішінде ЭЫҰ шеңберінде Қазақстан-Иран қатынастарын одан әрі дамыту жолдары талқыланды.
Ирандық министр Қазақстан Ислам Республикасы сыртқы саясатының басымдықтарына кіретінін, осыған байланысты Иран екіжақты байланыстарды жандандыруға мүдделі екенін мәлімдеді.
Иран тарапы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-ирандық үкіметаралық комиссиясының 17-отырысын Тегеранда өткізуге дайындығын білдірді.
Х.Әмір-Абдоллахиан Қазақстан Тәуелсіздігінің келе жатқан 30 жылдығымен құттықтап, еліміздің қарқынды дамуын жоғары бағалады.
Тегеран Қазақстанның өсуін өз өсуі ретінде қарастырады, - деп атап өтті министр.Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бірлескен іс-қимыл жоспары бойынша келісімге Қазақстанның қосқан үлесі жеке атап өтілді.
Министр Х.Әмір-Абдоллахианның айтуынша, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің екі раундын 2013 жылы Алматыда өткізу үшін алаң ұсынылғанын Ислам Республикасы жоғары бағалайды.
Иран сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның кез келген бастамалары мен ұсыныстарын қолдауға дайын екенін білдірді.