Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран Израильге қарсы зымыран соққыларының жаңа толқынын бастады

17 Маусым 2025, 05:47
848
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Иран Израиль аумағына зымырандық шабуылдардың жаңа толқынын бастады. Бұл туралы 16 маусымда Иранның Tasnim ақпарат агенттігі жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Иранның басып алынған аумақтарға зымырандық шабуылдарының жаңа толқыны басталды, - делінген агенттіктің Telegram-арнасында.

Сол күні Tasnim Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Бушер қаласындағы атом электр станциясы маңында Израиль ұшақтарының шабуылына тойтарыс бергенін мәлімдеді.

Айта кетейік, 13 маусымда Израиль Иранға соққы жасап, елде төтенше жағдай жариялады. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху әскери операцияның басты мақсаты – Иранның ядролық инфрақұрылымын жою екенін мәлімдеді.

Бұған жауап ретінде Иран зымырандық шабуылдардың бірнеше толқынын іске қосты.

Өзгелердің жаңалығы