Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран Израильге қарсы шабуылдарды тоқтату үшін нақты шарт қойды

19 Маусым 2025, 23:30
9211
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Жоғары Кеңесі 2025 жылғы 19 маусымда ресми мәлімдеме жасап, Израильге қарсы шабуылдардың жалғасатынын және олардың тек нақты шарттар орындалған жағдайда ғана тоқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы мәлімдеме IRNA агенттігінің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кек алу жау жазаланғанға дейін және өтемақы төленгенге дейін жалғасады, – делінген құжатта.

Иран тарапы Израиль тарапынан өтемақы төленіп, жауапкершілік мойындалмайынша, әскери әрекеттер тоқтамайтынын нақтылады. Сонымен қатар, егер қақтығысқа үшінші тарап араласатын болса, Иран оған да қарсы қарулы қарсылық білдіретінін мәлімдеді.

Еске салсақ, 13 маусымда Израиль Иранға соққы жасап, ел аумағында төтенше жағдай жарияланған болатын. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху бұл операцияның басты мақсаты Иранның ядролық инфрақұрылымын нысанаға алу екенін мәлімдеген еді.

Жауап ретінде Иран бірнеше рет зымырандық шабуылдар жасаған. Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуы халықаралық қауымдастықтың да назарында тұр.

Өзгелердің жаңалығы