Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран-Израиль шиеленесі: Екі елде қанша Қазақстан азаматы бар

Әсел ӘБІЛБЕК
16 Маусым 2025, 13:02
1485
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Иранда қазір 132 Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы СІМ өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Ал Израилді 219 азаматымыз бар екен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дипломаттар отандастарымыз бен тұрақты байланыста. Қазіргі уақытта Иран мен Израилде жүрген Қазақстан азаматтарына аса қажеттілік болмаса, тұрып жатқан жерлерінен шықпауға, қауіпсіздік шарыларын қатан сақтауға, қарағылық пен сақтық танытуға, жаңалықтарды қадағалап жергілікті белік оргындарының нұсқауларын орындауға шақырады,-деді ол.

Сондай-ақ, азаматтар ҚР СІМ мен Иран Ислам Республикасындағы және Израил мемлекетіндегі Қазақстан елшіліктерімен байланыста болуы керек.

Соңғы 2-3 күннің ішінде 70-тен аса отандасымызға Ираннан шығуға жәрдем көрсеттік, Атап айтқанда, 14 маусымда Иранда іс-сапарда жүрген Қазақстанның 6 азаматына Әзірбайжан арқылы Қазақстанға оралуға көмек көрсетілді. Оған қоса 15 маусым күні Қазақстанның 68 азаматы, оның ішінде дипломаттарымыздың отбасы мүшелері, ЭЫҰ хатшылығының қызметкерлері Ираннан Түркменстанға шығуы ұйымдастырылды,-деді Айбек Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы