Иран Хаменеиді жерлеу рәсімін кейінге қалдырды

Хаменеи әуе шабуылы кезінде қаза тапқан.

 Office of the Supreme Leader of Iran Бүгiн 2026, 07:14
Бүгiн 2026, 07:14
267
Фото: Office of the Supreme Leader of Iran

Иран билігі марқұм жоғарғы көшбасшы Аятолла Әли Хаменеиді жерлеу рәсімін ел аумағындағы америкалық және израильдік соққылардың жалғасуына байланысты кейінге қалдырды. Қоштасу рәсімі Тегеранда өтуі тиіс болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Хаменеи әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Ол 1989 жылдан бері, Рухолла Хомейниден кейін Иранды басқарған.

Иран Конституциясына сәйкес, жаңа жоғарғы көшбасшыны Сарапшылар кеңесі сайлайды. Үміткерлер анықталғаны айтылғанымен, шешім әлі жарияланған жоқ.

Сонымен қатар, Израиль қорғаныс армиясы Иран аумағындағы нысандарға соққылар жалғасып жатқанын мәлімдеді. Иран да жауап ретінде Израильге және аймақтағы АҚШ базаларына зымырандар мен дрондар ұшырған.

Аймақтағы жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр.

Наверх