Иран билігі спортшыларға бірқатар елдерге баруға тыйым салды

Иран құрамасы биыл АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатына жолдама алған.

 REUTERS/Umit Bektas Бүгiн 2026, 04:27
Бүгiн 2026, 04:27
119
Фото: REUTERS/Umit Bektas

Иран билігі ұлттық және клубтық спорт командаларына «дұшпан» деп саналатын елдерге баруға уақытша тыйым салды. Бұл туралы ирандық БАҚ елдің Спорт министрлігіне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Ведомство шешім спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді. Министрлік мұндай елдерде ирандық спортшылардың өмірі мен қауіпсіздігіне кепілдік жоқ екенін атап өтті.

Сонымен қатар Иран футбол федерациясы мен клубтарға Азия футбол конфедерациясын матчтардың өтетін орнын өзгерту туралы хабардар ету тапсырылды.

Иран құрамасы биыл АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан әлем чемпионатына жолдама алған. Алайда Иран, АҚШ және Израиль арасындағы шиеленіске байланысты турнирге қатысу мәселесі күмән тудырып отыр.

Қазіргі таңда Иран құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, Нигерия және Коста-Рика құрамаларымен жолдастық матчтарға дайындалуда.

Наверх