Иран: Бейруттағы Израиль соққысынан төрт дипломат қаза тапты

Біріккен Ұлттар Ұйымы дипломатиялық нысандар ешқашан шабуыл нысанасына айналмауы тиіс екенін мәлімдеді.

 freepik 10 Наурыз 2026, 22:51
10 Наурыз 2026, 22:51
790
Фото: freepik

Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Израильдің Бейрутқа жасаған соққысы салдарынан төрт ирандық дипломаттың қаза тапқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Антониу Гутерришке жолдаған хатында жазған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Дипломаттың айтуынша, оқиға 2026 жылғы 8 наурыз күні таңертең Бейрут қаласында болған. Оның сөзінше, Израиль «Рамада» қонақ үйіне соққы жасап, соның салдарынан Иранның төрт дипломаты қаза тапқан.

«2026 жылдың 8 наурызы, жексенбі күні таңертең Израиль режимі Бейруттағы “Рамада” қонақ үйіне қасақана террористік акт жасады. Нәтижесінде Иран Ислам Республикасының төрт дипломаты қаза тапты», – делінген хат мәтінінде.

Сонымен қатар Амир Саид Иравани БҰҰ Бас хатшысын және Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін бұл оқиғаны айыптауға шақырды. Оның пікірінше, дипломаттарға жасалған шабуыл халықаралық құқықты өрескел бұзу болып табылады.

Дипломат бұл әрекетті әскери қылмыс деп атап, оған жауаптыларды жауапкершілікке тарту қажеттігін айтты.

Өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымы дипломатиялық нысандар ешқашан шабуыл нысанасына айналмауы тиіс екенін мәлімдеді.

Наверх