Иран басшысының міндетін атқарушы саммитке бұрынғы президентінің суретімен келді

4 Шілде 2024, 13:25
201
Бөлісу:
Иран басшысының міндетін атқарушы саммитке бұрынғы президентінің суретімен келді
Фото: Ақорда

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тікелей эфирде залда отырған Иран президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбердің үстелі жанынан жақында қайтыс болған Иран президенті Ибрагим Раисидің суретін байқауға болады.

Бұған дейін ШЫҰ саммиті кеңесінің отырысы басталғанын, Беларусь Республикасы ШЫҰ-ға мүше болғанын және Президенттер қандай құжаттарға қол қойғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы