Иран аспанында пайда болған "қышқылды бұлттар" Қазақстанға жетуі мүмкін бе – Қазгидромет

"Қазгидромет" мамандары мұндай ластану көзінің Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне өту белгілері анықталмағанын хабарлады.

 pixabay Бүгiн 2026, 21:44
Бүгiн 2026, 21:44
222
Фото: pixabay

Әлеуметтік желіде Иран аспанында Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін "қышқылды бұлттар" пайда болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" мұндай хабарламалар бақылау деректерімен расталмағанын мәлімдейді.

Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін Иранның көгіндегі "қышқылды бұлттары" туралы ақпарат ғылыми немесе бақылау деректерімен расталмаған. Қышқылды жауын-шашын атмосфераға, негізінен, өнеркәсіп, энергетика және көлік арқылы шығарылатын күкірт пен азот оксидтерінен түзіледі және, әдетте, ластаушы көздердің маңында болады. Ауа массасын ұзақ қашықтыққа тасымалдау кезінде бұл заттардың концентрациясы табиғи атмосфералық процестерге байланысты айтарлықтай төмендейді, – деп хабарлады "Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорны.

Мониторинг деректері бойынша, мұндай ластану көзінің Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне өту белгілері анықталған жоқ.

Осыған байланысты сарапшылар ұлттық метеорологиялық және экологиялық қызметтердің ресми деректеріне сүйеніп, тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуды ұсынады, – деп жазылған хабарламада.

Наверх