Иран Оманда өткен АҚШ-пен жанама келіссөздер барысында өзінің ядролық бағдарламасын шектеу үшін қандай талаптар қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.
Келіссөздер барысында Тегеран тарапынан негізгі талаптар ретінде АҚШ-тың санкцияларды жоюы, шетелде мұздатылған миллиардтаған долларға қол жеткізу мүмкіндігі және Қытайдағы ирандық мұнай сатып алушыларға қысым жасауды тоқтату мәселелері көтерілген.
Өз кезегінде Иран 2015 жылғы Вена келісімінде көзделген уран байыту деңгейіне қайта оралуға дайын екенін білдірді. Кездесу шамамен екі жарым сағатқа созылды.
Омандағы келіссөздерде АҚШ делегациясын Президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф, ал Иран тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арагчи басқарды. Делдал ретінде Оманның Сыртқы істер министрі қатысты.
Келесі кездесу 19 сәуірге жоспарланған.