Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуден толық бас тартты

Иран АҚШ шабуыл жасаған кезде келіссөздер жүргізіп отырған, сондықтан Тегеран қазір өзін қорғайтынын және соғысты бастамағанын атап өтті.

 freepik Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
260
Фото: freepik

Иран АҚШ-тың ядролық келіссөздердегі әрекеттерін сатқындық деп бағалап, енді Вашингтонмен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Иран СІМ басшысының орынбасары Маджид Тахт-Раванчи France 24 телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Иран АҚШ шабуыл жасаған кезде келіссөздер жүргізіп отырған, сондықтан Тегеран қазір өзін қорғайтынын және соғысты бастамағанын атап өтті. Тахт-Раванчи келіссөздердің соңғы раунды Оман тарапынан қанағаттанарлық деп бағаланғанын, бірақ АҚШ әрекеттері дипломатиялық жолды бұзғанын еске салды.

Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Соңғы шабуылдардан кейін Тегеран мен басқа ірі қалалар соққыға ұшырап, Иранның жоғарғы басшылары қаза тапты. Ислам революциясының қамқоршылар корпусы мен Израильге одақтас әскери нысандарға жауап шабуылдарын жүзеге асырды.

Наверх