Иран АҚШ-пен келісім үшін ядролық қарудан бас тартуға дайын

Трамптың айтуынша, Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер оң нәтижеге жақындап қалған.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 09:46
Бүгiн 2026, 09:46
138
Фото: depositphotos.com

Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер аясында Иран ядролық қаруға қол жеткізу әрекетінен бас тартуға келіскенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақ үйде журналистер алдында сөйлеген сөзінде Трамп АҚШ Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтінін айтты.

Иранда ядролық қару болмауы керек және ол болмайды да. Бұдан бөлек, Иран осы талаппен келісті, – деді Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, соңғы тәулікте тараптар «өте жақсы келіссөздер» өткізген, ал келісімге келу ықтималдығы жоғары күйінде қалып отыр.

Келісім міндетті түрде болады. Оның нақты мерзімі жоқ. Олар келісім жасауды өте қатты қалайды, – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Дональд Трамп Ормуз бұғазынан кемелерді шығарудан бас тартқан болатын.

Наверх