Иран 4 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

4 Қаңтар 2024, 05:28
713
Бөлісу:
Иран 4 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Фото: baq.kz

Керман қаласындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 100-ден асты. Иран Ислам Республикасының билігі 4 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады, , деп хабарлайды BAQ.KZ ИРНА-ға сілтеме жасап.

Иран билігі лаңкестік әрекетті қатаң айыптап, жарылыстан қаза тапқандардың туыстарына қайғыра көңіл айтты.

Еске салсақ, 3 қаңтарда кешкі уақытта Керман қаласындағы бейітке барар жолда жойқын жарылыс болды. Алғашқы жарылыс Кассем Сулеймани жерленген бейіттен 700 метр жерде, ал екіншісі қажылар жолы мен бақылау қақпасының сыртында, мазараттан 1 шақырым жерде орын алған. Алғашында жойқын жарылыстан 73 адам мерт болғаны хабарланды. Соңғы мәліметке сүйенсек, қаза болғандар саны 103-ке жеткен.

Өзгелердің жаңалығы