Иракта өрттен 116 адам қаза тапты

27 Қыркүйек 2023, 21:52
695
Бөлісу:
Иракта өрттен 116 адам қаза тапты

Иракта үйлену тойы кезінде өрт шығып, 116 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Тағы 150 қонақ, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. 

Қайғылы оқиға Нин-Евия провинциясында болған. Елдің Азаматтық қорғаныс басқармасы қызыл жалынның тұтануына, отшашуды дұрыс қолданбау себеп болды деп отыр. 

Өрт қауіпсіздігі талабы сақталмағаны да анықталып отыр. Қазір оқиға орнына Бағдад пен өзге де провинциялардан қосымша күш келіп жетті. Зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы