Иракта мұнай зауыты өртенді

29 Желтоқсан 2022, 20:36
936
Бөлісу:
Иракта мұнай зауыты өртенді

Ирактың Эрбиль провинциясында мұнай өңдеу зауыты өртеніп, екі өрт сөндіруші жарақат алды. Төтенше оқиға Махмур қаласының маңындағы өндіріс ошағында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.

 Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Мамандар лаулаған жалынмен бірнеше сағат күресіп әзер сөндірген. Өрт сөндірушілерден басқа жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Апаттың себептері анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы