Алматы, BAQ.KZ. Ирак қарулы күштері ДАИШ терраристік ұйымы басшысының орынбасарын қолға түсіргендерін мәлімдеді.
Ирак қауіпсіздік ұйымының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемесінде Киркук провинциясына қарасты Хавиджа ауылының тәртіп сақшылары Әбу Халдун лақап атымен танымал болған ДАИШ басшыларының бірін пәтерде жасырынып жатқан жеріне ұстаған.Содырдан Шаалян Убейд есімі белгіленген жалған паспорт табылған.
Бұл қылмыскер әл-Багдадидің орынбасары болған, сонымен қатар Салах-ад-Дин провинциясында "әскери әмір" болған, - делінген хабарламада.Қазан айында Сирияның Идлип провинциясында АҚШ әскерлері жүргізген арнайы операция кезінде ДАИШ басшысы әл-Багдадидің көзі жойылғанын Трамп мәлімдеген еді.