Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін 34 адам зардап шеккені туралы хабарланды. Пентагон бұл көрсеткіш ұлғаюы мүмкін деп отыр.
АҚШ-тың елу әскери қызметкері Иранның америкалық әскери базаларына жасаған зымыран шабуылынан зардап шекті.
Бұл туралы Пентагонның ресми өкілі генерал-полковник Томас Кэмпбелл мәлімдеді.
Оның айтуынша, 50 әскердің бас сүйегі жарақат алған. Генерал-полковник зардап шеккендердің саны өсу мүмкін екенін атап өтті.