IQanat жобасы білікті ауыл мұғалімдерінің қауымдастығын дамытып жатыр

10 Тамыз 2022, 19:00
1536
Бөлісу:
IQanat жобасы білікті ауыл мұғалімдерінің қауымдастығын дамытып жатыр

Қазақстан мектептерінде білім алушылардың 48%-ы ауыл оқушылары, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарламаның (PISA-2018) деректеріне сәйкес ҚР ауыл оқушылары мен қала оқушыларының арасындағы білім сапасында 1,5 жылдан 3 жылға дейін айырмашылық бар.

Қазақстандық кәсіпкерлер Қазақстанның барлық өңірінде ауыл оқушылары мен мұғалімдерін қолдау, сапалы біліммен қамтамасыз ету және ақпараттық теңсіздікті төмендету мақсатында бірікті. 

Кәсіпкерлер әлеуметтік-білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын «IQanat» Білім беру қорының қамқоршылары болады. «CSI» тәуелсіз сараптамалық-кеңес беру компаниясының Қор бағдарламаларының тиімділіктерін бағалау бойынша мәліметтеріне сәйкес IQanat олимпиадасы соңғы 4 жылда 152 мың ауыл оқушысын қамтыған ең ауқымды жобалардың бірі. 

Ең маңызды деген ұсыныстардың бірі мұғалімдер қауымдастығын құрып, олардың педагогикалық әлеуеттерін дамыту және ауылдағы білім беруді дамыту мен Қорды құзыреттердің ресурстық орталығы ретінде институттандыру болды.

Бәсекеге қабілетті ауыл мұғалімдерінің қауымдастығын дамыту мақсатында Қор екі жыл қатарынан «Teacher’s Camp» мұғалімдер слетін өткізіп келеді. Өткен олимпиадалардың жеңімпаздары – жас айқанаттықтар олардың жетістіктеріне үлес қосқан мұғалімдер туралы эссе жазды. Ең әсерлі эсселердің қаһармандары осы лагерге келді. Слет бағдарламасы 21 ғасырда қажетті негізгі құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша оқыту мен ойлау дизайны, кейсстади, жобалық оқыту арқылы тұрақты дамытуды қарастырады. 2022 жылы слет ерекше болды, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан бойынша кластерлік бюросы IQanat-тың серіктесі болды. 

Біз дәл ауыл мұғалімдерінің әлеуетін көтеруге осындай алаң жасап отырған IQanat қорымен ынтымақтастыққа қуаныштымыз. Біз «Тұрақты даму бойынша білім беру» сияқты маңызды тақырыпта өткізілген тренинг ауыл мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығын қалыптастырады деп сенеміз, сондай-ақ болашақта Қазақстандағы ауыл мен қала мектептері арасындағы академиялық алшақтықты азайтуға әкеледі деп үміттенеміз,-дейді ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының білім беру жөніндегі ұлттық маманы Мергүл Алпысбаева. 

Қордың жұмысы 90-нан астам жанашыр қамқоршы-кәсіпкерлердің арқасында мүмкін болды.IQanat осындай маңызды миссияға басқа кәсіпкерлерді де қамқоршылар қатарына шақырады. 

Мен үшін бұл педагог ретінде дамуға үлкен үлес және менің еңбегіме берілген жоғары баға. Ауыл мұғалімдерінің еңбегі үнемі бағаланып, еленбейтіні өкінішті. Лагерге қатысу мен үшін оқу жылының алдында үлкен мотивация мен жоғары бағаға айналды. Мұнда мен көптеген әріптестерімді кездестірдім, олар өз оқушылары мен ынталы мұғалімдердің қауымын дамытуға шынайы берілген мықты ұстаздар. IQanat Қорына ерекше алғыс білдіргім келеді, енді келесі жылы әлемнің үздік мектептерінен еш кем түспейтін IQanat метебіне түсу туралы ашық сабақтар ұйымдастыруды жоспарлап отырмын»,- деп айтып өтті Қараөзек ауылының орыс тілі пәнінің мұғалімі Сағиева Нурлагаин. 

 

Өзгелердің жаңалығы