Ипотекалық несие бойынша өтелмеген қарызды кешіру шарты кеңейтілді

19 Мамыр 2021, 20:20
1924
Бөлісу:
Ипотекалық несие бойынша өтелмеген қарызды кешіру шарты кеңейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Микроқаржылық және коллекторлық қызметке қатысты заң қабылданды.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Алматыда өткен «Cfo Idea exchange & networking» саммитінде айтты. 

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша заң қабылданды. Қарыздарды төлеу кезінде қиындықтарға тап болған қарыз алушыларды қолдау үшін проблемалық қарыздарды сотқа дейін реттеудің міндетті рәсімі енгізілуде. Сонымен қатар, борышкерлерді қайта құрылымдау және оңалту, кепіл мүлкі сатылған жағдайда тұрғын үй ипотекалық қарызы бойынша өтелмеген қарызды кешіру шарттарының тізбесі кеңейтілуде. Коллекторлық қызметке арнайы блок арналған. Коллектордың борышкермен өзара әрекет ету тәртібі қатаңдатылды, агенттіктің коллекторлық қызметті бақылау жөніндегі өкілеттіктері кеңейтілді. Заңнаманың барлық талаптарын орындау үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшеріне қойылатын талаптар енгізілуде, - деді Әбілқасымова.
Естеріңізге сала кетейік, «Баспана хит» пен «7-20-25» бағдарламасын қаржыландыру тоқтатылатынын хабарлаған едік.


Өзгелердің жаңалығы