Ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 1 шілдеден бастап өзгереді

1 шілдеден бастап ипотека арзандайды.

 ©BAQ.KZ/жасанды интеллект Бүгiн 2026, 12:16
Бүгiн 2026, 12:16
93
Фото: ©BAQ.KZ/жасанды интеллект

Реттеуші органдар қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін жаңартты. 1 шілдеден бастап ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 25%-дан 20%-ға дейін төмендейді, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірлесіп жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне қатысты қаулы жариялады. Құжат 16 мамырдан бастап күшіне енеді. Алайда көптеген несие бойынша мөлшерлемелер 1 шілдеден бастап жаңартылады.

Кредиттердің басым бөлігі бойынша ЖТСМ бұрынғы деңгейде қалады. Тек бір өзгеріс бар:

  • кепілсіз банктік қарыздар бойынша – жылдық 46%-ға дейін;
  • кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – жылдық 35%-ға дейін;
  • ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша – 16 мамырдан бастап 25%-ға дейін, ал 1 шілдеден бастап ЖТСМ 20%-ға дейін төмендейді.

Осылайша, ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 1 шілдеден бастап 20%-ға дейін азаяды.

Ал микрокредиттер бойынша 16 мамырдан бастап мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады:

  • микрокредиттер үшін – жылдық 46%-ға дейін,
  • ал мерзімі 45 күнге дейінгі қысқа мерзімді микрокредиттер үшін – күніне 0,3% және жылдық 179%.

Бұл ретте қарыз сомасы 45 АЕК-тен аспауға тиіс.

Тағы оқи отырыңыздар: 1 шілдеден кейін несие алу қиындайды: Жаңа талаптар халыққа қалай әсер етпек 

Наверх