Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында 460 млрд теңгеден астам сомаға жер қойнауын пайдалану жобалары іске асырылып жатыр. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы хабарлады, деп жазады 7kun.kz.
Рудныйда Қашар карьері жаңғыртылып жатыр. Ведомствоның ақпаратынша, жоба заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.
Құны 1,2 млрд доллар. Жоба үш кезеңнен тұрады: "Ақылды карьер", тау-кен массасын тасымалдау технологиясының өзгеруі, атап айтқанда, теміржолды автокөлікке ауыстырады. Сондай-ақ, фабрика кешенінің құрылысы жоспарланп отыр, — деп нақтылады басқармада.
Сонымен қатар, Денисов ауданында микрокальцит пен құрылыс әк өндірісі жолға қойылады. Бұл жобалардың құны 1,7 млрд теңгеге бағаланады. Қазіргі уақытта қосымша қаржыландыруды тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді.
Жітіқара ауданында 200 млн теңгеге Тобол ауданының тотыққан кенінен үймелеп шаймалау қондырғысы іске қосылады. Басшылық жобаның мақсаты — Доре қорытпасын алу процесін қамтамасыз ету екенін айтты.