Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн өткен "Astana Finance days 2020" панельдік сессиясында Қазақстандағы бизнес-періштелер мен инвестиция мәселесі талқыланды.
Венчурлық инвестор Мұрат Әбдірахманов Қазақстандағы венчурлық бизнес әлі бастапқы кезеңде екенін айтты.
Дегенмен, жобалар бар. Ірі жобалар да кездесіп жатады. Былтырғы жылды алатын болсақ, келісімдер саны 50 млн доллардан аспайды деуге болады. Менің өткен жылғы инвестициям 2,5 млн долларды құрады. Украина нарығында да жұмыс істеймін. Ол Ресей мен Қазақстан нарығынан ерекшеленеді. Олардың компаниялары ішкі нарыққа бағытталған. Олар Еуропа не Америка нарығына бағыт қояды. Орыс тілінде келісім жүргізбейді, - деді ол.
Инвестордың айтуынша, Қазақстандағы нарықта өткен жылы жақсы көрсеткіштер тіркелді.
Алайда, компаниялар өте аз. Сыртқы нарыққа шығуға әлеуеті бар компаниялардың көп болғанын қалаймыз, әрине. АҚШ пен Еуропаға шығу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз, - деді ол.
Өз кезегінде Quest Ventures инвестициялар бойынша директоры Әнуар Сейфуллин Қазақстандағы инвестициялар мәселесіне тоқталды.
Былтыр 200 мың доллар инвестиция құйдық. Нарық бойынша соңғы 2-3 жылда компаниялардың сапасы артып, жұмыс қарқыны артты. Стартаптар періште-инвестицияларға ие болып жатыр. Періште-инвестицияларды қолмен санап шығуға болады. Жалпы, стартапқа инвестиция құятын адамдар 50 шақты болатын шығар, - деді ол.Бұған дейін ТМД елдеріндегі венчурлық нарықтың 2019 жылғы қорытындылары талқыланған болатын.