Желіде Қырғызстаннан ауруға шалдыққан малдың еті әкелінді деген бейнежазба тарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде кадр сыртындағы дауыс Қырғызстаннан елімізге құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелініп жатқаны туралы айтқан бейнеролик тарады.

11 Мамыр 2021 2021, 16:16
11 Мамыр 2021 2021, 16:16
2345

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде кадр сыртындағы дауыс Қырғызстаннан елімізге құтыру ауруына шалдыққан малдың еті әкелініп жатқаны туралы айтқан бейнеролик тарады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламаны жоққа шығарды. Ауру жұқтырған малдың еті Қазақстанға әкелінген жоқ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің StopFake.kz сауалына берген жауабында айтылған.

Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, өйткені Қырғызстаннан ет өнімдерін әкелуге енгізілген шектеу қолданылады. Шара осы республикадағы жануарлардың қауіпті аурулары бойынша қолайсыз жағдайға байланысты қабылданды. Етті контрабандалық жолмен тасымалдау әрекеті ресми расталған жағдайда, мемлекеттік шекараның қазақстандық-қырғыз учаскесінде бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады, – делінген ведомство жауабында.

Наверх