Интернетте кәмелетке толмағандардың порнографиясын сатқандар ұсталды

27 Наурыз 2025, 15:08
499
Бөлісу:
Интернетте кәмелетке толмағандардың порнографиясын сатқандар ұсталды
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Интернет желісінде кәмелетке толмағандардың порнографиясы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысының прокуратурасы Telegram әлеуметтік желісіне талдау жүргізу барысында порнографиялық сипаттағы, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен фото/бейне материалдарды көруге арналған ақылы арна тапты.

Аталған факті бойынша қаулы шығару арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары басталды.

Осылайша, тексеру барысында Telegram желісінде 2500 теңгеге порнографиялық бейнероликтер, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен мектеп оқушыларына қатысты материалдар ұсынылғаны анықталды. Сайтта барлығы 8012 жазылушы тіркелген, - деп хабарлады Бас прокуратура таратқан ақпаратта.

Белгілі болғандай, желі аудиториясы Қазақстан және ТМД елдерінің жазылушылары.

Арнайы іс-шараларының нәтижесімен сайт ұйымдастырушылары мен қарау, кіру және жазылу үшін ақша төленетін дроперлер анықталды. 

14 нарыз күні облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы аталған топ мүшелерін Түркістан және Қызылорда облыстарында ұстады, - делінген хабарламада. 

Ұйымдастырушы бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болған, қазіргі таңда ол қамауға алынған.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 311-бабы және 312-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Бұдан бөлек, прокуратураның нұсқауымен Telegram желісіндегі 8 мың жазылушысына қатысты олардың әрекеттерінде педофилия белгілерінің бар-жоғы және осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталғандарды анықтау бағытында тексеру жұмыстары басталды.

Құқыққа қайшы ниет расталған жағдайда мұндай адамдарды уәкілетті және құқық қорғау органдары есепке алатын болады.

Өзгелердің жаңалығы