Интернет-жарнама және онлайн платформалар туралы заң жобасы әзірленіп жатыр – Дархан Қыдырәлі

22 Қаңтар 2023, 18:30
1370
Бөлісу:
Интернет-жарнама және онлайн платформалар туралы заң жобасы әзірленіп жатыр – Дархан Қыдырәлі

Алматыда сайт жетекшілері және блогерлермен кездескен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл заң жобасы шеңберінде қолданушылардың жауапкершілігі күшейеді. Шетелдік платформалардың қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес реттеледі. Әлеуметтік желі иелері өз интерфэйсін қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілде ұсынуға міндеттеледі. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер, азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді, - деді министр.

Бұған қоса, министр қазіргі уақытта дәстүрлі БАҚ-тың бағыты концептуалды тұрғыда өзгеріп жатқанын, сондықтан министрлік медиа заңнаманың жаңа жобасы жұртшылық назарына ұсынылғанын және оны белсенді талқылауға шақырды.

Дархан Қыдырәлі әңгіме барысында әріптестеріне жалған ақпараттың таралмауына мұқият қарап, контент сапасына мән беруді сұрады.

Еркін форматта өткен кездесуде алматылық контент жасаушылар министрге сауалдарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды.

Өзгелердің жаңалығы