Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚҚҚ талдау орталығы 2020 жылғы 1 ақпандағы мәліметтерді ескере отырып, карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдерге қатысты статистиканы ұсынды.
2020 жылдың қаңтарында ҚР аумағында жасалған қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдер көлемі 1 586,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге артты. Желтоқсанға қарағанда төмендеу 17%-ды құрады, бәлкім, бұл маусымдық фактордың әсерімен және ұзақ жаңа жылдық мерекелерге байланысты болуы мүмкін.
Сонымен қатар, қаңтар айының қорытындысы бойынша ҚР аумағында карточкалар бойынша төлемдердің жалпы көлеміндегі Алматы қаласының үлесі өзгерген жоқ және 35%-ды құрады. Одан әрі Нұр-сұлтан қаласы – 17% (-1%), Түркістан облысы және Шымкент қаласы – 7% (+1%) (1-кестені қараңыз).
Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы қаңтарда 123%-дан 139%-ға дейін өсті. Бұл қолма-қол ақшасыз төлемнің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алудан басым болуының тұрақты үрдісі екенін көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтар айында бұл көрсеткіш 48%-ды құрады. Бұл жағдайда операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем және банкоматтардан алу) 55%-дан 58%-ға дейін өсті.
2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі барлық өңірде төмендеді. Алайда, қолма-қол ақшасыз төлемдер жылдық есеппен айтарлықтай өсімді көрсетеді. Ең үлкен өсім Қызылорда облысында, Түркістан облысында және Шымкентте, Ақтөбе облысында байқалады.
1-кесте. Өңірлер бөлінісінде карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің динамикасы:Карточкаларды пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша "орташа чек" қазіргі уақытта 11 553 теңгені (2019 жылғы қаңтарда — 9 916) құрайды, ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден шамамен 4 есе асып, 45 366 теңгені (45 744) құрайды.
ҚР аумағында қаңтар айында жасалған қолма-қол ақшасыз карточкалық төлемдер көлемінің 74%-ы интернетте төлеуге, ал 25%-ы POS-терминалдар арқылы төлеуге тиесілі. Бұл ретте соңғы 12 айда Қазақстанда карточкалар бойынша транзакциялардың жалпы көлемінде POS-терминалдардың үлесі 20%-ға төмендеді.
2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша төлем карточкаларын эмиссиялауды іс жүзінде 22 банк және "Қазпошта" АҚ жүзеге асырды. Аталған ұйымдар VISA International, MasterCard Worldwide, UnionPay International, American Express International және Diners Club International халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларын шығарады және таратады. Бұдан басқа, Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, Қазақстан Ситибанкасының жергілікті карточкасы – "Ситибанк Қазақстан" АҚ және төлем карталары жүйесі Kaspi.kz – "Kaspi Bank" АҚ.
2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банктердің айналымдағы карточкаларының саны 33,9 млн жетіп, карточкаларды ұстаушылардың саны – 30,7 млн ұстаушыны құрады (2019 жылғы ұқсас күнгі жағдаймен салыстырғанда – тиісінше 43,4% және 57,6% өсім байқалады). Кеңінен таралған карточкалар түріде беттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 77,0%, екінші орындағы кредиттік карточкалардың үлесі – 19,2%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалар мен алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесіне сәйкесінше 2,2% және 1,6% тиеді.
2020 жылдың қаңтарында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана жүргізілген транзакциялардың көлемі 2 786,6 млрд теңгеге жетіп (2019 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 44,4%-ға үлкейген), транзакциялар саны 167,3 млн бірлікті құрады (2019 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда 75,4%-ға ұлғайды). Оның ішінде қолма-қол жасалмайтын транзакциялар саны 2,1 есе, ал сомасы 2,4 есе өсті (транзакциялардың саны 142,4 млн бірлік және көлемі 1 651,9 млрд теңге). Төлем карточкаларын ұстаушылардың қолма-қол ақшаны алу операцияларының саны 24,9 млн бірлікті, көлемі 1 134,7 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың осындай уақыт аралығымен салыстырғанда, бұл көрсеткіштер тиісінше 13,8% және 9,4%-ға азайды.
Қазақстан аумағында қолма-қол ақшасыз операциялардың негізгі үлесі интернет/мобильді банкинг (тиісінше 44,7% және 74,3%) және POS-терминалдар (қолма-қол жасалмайтын операциялардың жалпы саны, көлемінен тиісінше 55,0% және 24,7%) арқылы жүргізілді. Қолма-қол ақшаны беру операциялары негізінен банкоматтар арқылы жүзеге асырылған (қолма-қол ақшаны беру бойынша операциялардың жалпы саны мен көлемінен тиісінше 98,7% және 92,1%).