Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Интер" өз алаңында "Қайратты" 2:1 есебімен жеңді

6 Қараша 2025, 03:27
370
Бөлісу:
 sports.kz
Фото: sports.kz

Миланда өткен ойында жергілікті «Интер» алматылық «Қайраттан» 2:1 есебімен басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері басымдық танытты. Алайда «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыны сәтті қайтарып, команданы құтқарып қалды.

Бірінші таймның соңына таман «Интер» есеп ашты. Екінші таймның 55-минутында қазақстандық команда таразы басын теңестіргенімен, 67-минутта Карлос Августо айып алаңының сыртынан дәл соққы жасап, жеңіс голын енгізді.

Ойынның соңғы минуттарында екі команда да нәтижені өзгертуге тырысты, бірақ матч 2:1 есебімен «Интердің» пайдасына аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы