Инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жоба іске қосылды

12 Сәуір 2022, 16:35
2515
Бөлісу:
Инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жоба іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жоба іске қосылды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырылатын әлеуметтік жобаның мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Жоба қоғамда әлсіз топтардағы азаматтарды кемсіту деңгейін төмендету, мүгедектігі бар қазақстандықтардың теңдігі, мүмкіндіктері бойынша диалогты ұйымдастыруға бағытталған.

Қазірдің өзінде біз мүгедектігі бар ересек адамдардың бала кезінде кемсітушілік фактілерін бастан кешіргенін жиі байқаймыз. Олар қоғамнан оқшауланады, олардың әлеуметтік байланыстары бұзылады. Әлеуметтік оқшаулау процесі жүреді. Иә, олар мемлекеттік жәрдемақы алғанымен, үйде отырады, олардың достары өте аз, - деді «Қорған-М» ҚБ төрайымы Диана Қырғызбаева жобаны таныстыру барысында.

Спикердің айтуынша, биыл олар инклюзивті қоғам құру мәселелері бойынша жұмыс істейтін мамандарға арнайы семинар - тренингтер өткізеді.

Барлығы отбасынан басталады. Сондықтан инклюзивтік тәрбиеге ерте жастан ерекше назар аудару керек. Атап айтқанда, біздің қызметкерлеріміз балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің төменгі сынып оқушыларына инклюзивті білім берумен айналысады. Мұндай балалар өскен кезде мүгедек адамдарды кемсітуге жол бермейтініне сенімдімін, - деді Диана Қырғызбаева.

Биыл ұйымдастырушылар өзекті мәселелерді талқылау мақсатында диалог алаңын өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, жоба аясында жас қазақстандықтар үшін семинарлар өткізіліп, онда «тең-теңімен» қағидаты бойынша инклюзивті қоғам құру туралы айтылады.

Өзгелердің жаңалығы