Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елдегі маңызды салалардың экономикалық көрсеткіштерін айтып берді.
Бүгін Үкімет отырысында 2019 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары талқыланды. Алғаш болып ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады.
«Жылдық мәндегі инфляция деңгейі 5,3% құрады. Бұл – 4,6% инфляция дәлізінің шегінде. Инвестициялар серпіні ЖІӨ-нің өсу қарқынынан асып түседі. Өсу осы жылғы 4 айдағы 6,7% қарағанда 7,8% дейін күтіледі. Инвестициялар ауыл шаруашылығында және құрылыста 1,5 есеге, өнеркәсіпте инвестициялар 17,5% өсті. Өткен аймен салыстырғанда халықаралық өзгерістер 10,4% өсті, олардың көлемі 86,7 млрд долларды құрады. Тұтастай алғанда, жалпы ішкі өнім серпінінің үдеуі байқалып отыр», - деді Дәленов.
Содан соң министр өнеркәсіптегі өзгерістерге тоқталды. Айтуынша, мұнай өндіру көлемі 3,2% қысқарған. Оған жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп болған.
«Осы жылғы қаңтар-мамырда кен өндіру өнеркәсібі 50% ұлғайды. Бұл ретте мұнай өндіру көлемі 3,2% қысқарды. Бұл жоспарлы жөндеу жұмыстарымен байланысты. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде өсу 3,6% құрады. Бұл мұнай өндірудегі қысқарудың орнын толтырды. Өңдеу өнеркәсібінде жеңіл өнеркәсіп, сусындар өндірісі 18,9%, машинажасау 16%, пластмасса бұйымдары өндірісі 12%, фармацевтика 11,6% қол жеткізді. Бұл ретте металлургия өнеркәсібінде өндіріс қалпына келді. Өндіріс шығарылымы өткен жылғы деңгейге жетті», - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр елдегі құрылыс және ауыл шаруашылығы саласының өсімі байқалғанын жеткізді.
«Құрылысы қарқыны үдей түсті. 5 айды өсу 8,8% жетті. Өнеркәсіп объектілерінің, автомобиль жолдарының, газ құбырларының құрылыс бойынша жұмыстары артты, сондай-ақ ірі зауыттарда құрылыс-монтаждау жұмыстары ұлғайды. Ауыл шаруашылығында орнықты өсу байқалып отыр. Өндіріс көлемі 3,7% артты. Өсу мал шаруашылығының 3,6%, өсімдік шаруашылығының 8,1% ұлғаюының есебінен қамтамасыз етілді», - деді Руслан Дәленов.