Бұл туралы үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жылдың соңына дейін 2,5 ай қалды. Экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру үшін жұмысты күшейтіп, нақты шаралар қабылдау керек. Барлық жауапты мемлекеттік органдар мен әкімдіктер азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және отандық азық-түлік өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруы қажет, – деді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, шетелдік және отандық инвесторларды тарта отырып, шикізаттық емес секторларда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, IT, туризм және басқа салаларда инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуге баса көңіл бөлу керек.
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша тиісті шараларды одан әрі жалғастыру қажет. Барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жыл соңына дейін қаражаттың, оның ішінде бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаражаттың толық және тиімді игерілуін қамтамасыз етуі керек, – деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Смайылов үкіметтің қабылданған шараларының нәтижесінде инфляция деңгейі 11,8%-ке дейін төмендегенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджетті игермеген министрліктерді атаған болатын. Сонымен қатар Қуантыров 7 экономикалық көрсеткіш бойынша оң өсім бар 5 өңірді атаған болатын.