Инфекционист коронавирусты үшінші рет жұқтыру жағдайы туралы айтты

8 Шілде 2021, 19:15
1509
Бөлісу:
Инфекционист  коронавирусты үшінші рет жұқтыру жағдайы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемде коронавирусты үшінші мәрте жұқтыру жағдайлары тіркелуде, деп жазды centralasia.media. 

Ресейлік «Лидер Медицина» орталығының бас дәрігері, инфекционист  Евгений Тимаков мұндай жағдайда сырқат ағымы күрделі өтуі мүмкін деген болжам айтты. 

Бір сөзбен айтқанда, вирус иммундық кедергілерді бұзып-жарып, ағзаға екінші, үшінші мәрте айналып соғуда. Үшінші рет жұқтыру алдыңғыларға қарағанда ағза үшін күрделі жағдайда өтуі заңды да. Өйткені әр сырқаттан кейін ағзаның толыққанды қалыптасуына уақыт қажет, - деді ол.

Тимаков Ресейде вирустың өршуін коронавирустың үнді штаммымен байланыстырады. Оның айтуынша, бұл вирусты жұқтырған адамның жағдайы 7-8 күні күрт төмендеуі байқалады. Мәскеу мэрі  Сергей Собянин қалада вирус жұқтырғандардың 90 пайызынан үнді штаммы анықталғанын хабарлаған. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы SARS-CoV-2 вирусының төрт штаммын белгіледі. Олар: альфа (британдық), бета (оңтүстікафрикалық), гамма (бразилдік) және дельта (үндістандық). Сарапшылардың пікірінше, соңғысының жұқтыру ықтималдығы жоғары және ол мутациясын жалғастыруда. Жуықта оның дельта-плюс нұсқасы пайда болды.

Өзгелердің жаңалығы